Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 270 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
270-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар: 

1) танылуы толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату; 

2) осы активтерді лизинг шарты бойынша беру; 

3) осы активтерді сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына ауыстыру тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады; 

4) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты – егер мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда танылған актив тіркелген активтерге жатпаса, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының тоқтатылуы тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады. 

Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсаттарында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы: 

1) шығып қалатын тіркелген активтердің; 

2) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылған кезде есепке алынған активтің шығып қалу күніндегі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады. 

3. Тіркелген активтерді, лизинг шарты бойынша беруден басқа, өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы, қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады. 

Егер кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтердің объектілері бөлінісінде айқындалмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалатын тіркелген активтердің өткізу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады. 

Тіркелген активтерді лизинг шарты бойынша беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы шартқа сәйкес лизинг нысанасы берілген құнға азайтылады.  

4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің құнына, бірақ аталған активтердің беру күнінде бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнынан кем емес құнға азайтылады. 

5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады. 

6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады. 

Бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын: 

1) I топтың тіркелген активтері бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын; 

2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен – осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын көрсетуге құқылы. 

Бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады. 

Заңды тұлғаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеуші салықтық есепке алу мақсаттары үшін беру актісінде салықтық есепке алу деректері бойынша І топтың тіркелген активтерінің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын көрсетуге құқылы.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің салықтық есепке алу деректері бойынша, осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген құнына азайтылады.  

7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде, кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісуі бойынша айқындалған құнға азайтылады. 

8. Өзіне байланысты активтің бухгалтерлік есепке алуда танылуы тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде: 

1) тіркелген активтер сақтандырылған жағдайларда – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады; 

2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады; 

3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді. 

8-1. 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңымен.

9. Лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы актив салықтық есепке алуда танылған бастапқы құн мен лизинг нысанасы алынған күннен қайтарылған күнге дейінгі кезеңде лизингтік төлемдер сомасына енгізілген лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырмаға азайтылады. 

10. Тіркелген активтер сенімгерлік басқаруға берілген кезде топтың (кіші топтың) құндық балансы: 

1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына; 

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – берілу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады. 

11. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелер тоқтатылған кезде топтың (кіші топтың) құндық балансын: 

1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына; 

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша: 

топтың барлық активтерін беру кезінде – топтың осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген құндық балансының шамасына; 

қалған жағдайларда – берілетін активтердің осы Кодекстің 268-бабына сәйкес айқындалған, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, сенімгерлік басқарудың есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезеңі үшін есептеледі. 

12. Тіркелген активтер концессия шарты бойынша концессионерге берілген кезде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы: 

1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына; 

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес құнға азайтылады. 

13. Концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтер концендентке берілген кезде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы: 

1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына; 

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес құнға азайтылады. 

14. Тіркелген активтерді кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде: 

1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді; 

2) І топтың басқа тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және оны пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін пайдалануға енгізудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі; 

3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді. 

Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға тіркелген активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, мұндай активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады. 

Бір мезгілде мынадай: 

техникалық құжаттамада көрсетілген белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды; 

күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады; 

есепті салықтық кезеңде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған деген шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері осы тармақтың мақсаттарында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері болып табылады. 

15. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген активі шығып қалған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы Кодекстің 268-бабының 2-1-тармағында белгіленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып, шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады. 

Ескерту. 270-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...268 269 270 271 272 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться