Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 271 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
271-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте айқындалған тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімге жатады. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарын айқындау және тіркелген активтер жөніндегі келесі шығыстар бойынша салықтық тіркелімде көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын кіші топтың, топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансына қолдану арқылы айқындалады: 

Р/с
№ 
Топтың №  Тіркелген активтердің атауы  Амортизацияның шекті нормасы (%) 
1.  Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар  10 
2.  II  Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  25 
3.  III  Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық  40 
4.  IV  Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы  15 

 

3. Осы Кодекстің 267-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар топтардың (кіші топтардың) салықтық кезеңнің соңындағы осындай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану арқылы айқындалады. 

4. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылысжайлар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке айқындалады. 

5. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы бөлімге сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салықтық кезеңдегі қызмет кезеңіне түзетіледі. 

6. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілетін, осы Кодекстің 274-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылысжайларды, машиналар мен жабдықты: 

тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы бөлімнің 3-параграфында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе 

преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы бөлімнің 4-параграфында белгіленген шарттар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы. 

7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша пайдаланудың бірінші салықтық кезеңде, осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық кіріс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдалану шартымен амортизацияның қосарлы нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салықтық кезеңде топтың құндық балансынан бөлек есепке алынады. Келесі салықтық кезеңде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады. 

Өзі бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу осы тармаққа сәйкес жүргізілген, алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген актив шығып қалған жағдайда, үш жылдық кезең өткенге дейін көрсетілген тіркелген актив бойынша жүргізілген шегерудің осы бапта көзделген амортизацияның шекті нормалары бойынша айқындалған амортизациялық аударымдар сомасынан асып кету сомасы өзінде амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады. 

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 

1) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылатын; 

2) салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай жерасты суларын өндіру құқығын иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды. 

7-1. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдарды тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарын айқындау және тіркелген активтер жөніндегі кейінгі шығыстар бойынша салықтық тіркелімде көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын кіші топтың, топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансына қолдану арқылы айқындайды: 

р/с
№ 
топтың №  Тіркелген активтердің атауы  Амортизацияның шекті нормасы (%) 
1.  Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар  15 
2.  II  Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  37,5 
3.  III  Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық  60 
4.  IV  Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы  22,5 

 

8. Осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер: 

инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының 50 пайызынан кем емес мөлшерінде; 

өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормалары мөлшерінде амортизация нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді. 

Ескерту. 271-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...269 270 271 272 273 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться