Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу



Ст. 276-12 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі. 

2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі. 

3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар: 

1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi; 

2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi; 

3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi; 

4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады. 

4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен: 

1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерiмен, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерiмен; 

2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі. 

Ескерту. 276-12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...276-10 276-11 276-12 276-13 276-14 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 276-12-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы