Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
276-17-бап. Шот-фактура



Ст. 276-17 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады. 

2. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. 

3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар: 

1) өткізу бойынша айналым жасалған күн; 

2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс. 

3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 

5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі. 

Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс. 

Ескерту. 276-17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
 


Статья 1 ...276-15 276-16 276-17 276-18 276-19 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 276-17-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы