Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері



Ст. 276-19 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.

2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.

4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген адам") деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.

Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.

Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.

Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.

5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.

Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.

6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.

Ескерту. 276-19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...276-17 276-18 276-19 276-20 276-21 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 276-19-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы