Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
276-22-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу



Ст. 276-22 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде кері қайтаруға жатады.

2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:

1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілгенде;

2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;

3) осы Кодекстің 276-23-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алғанда табыс етуге құқылы.

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:

1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі, бұл әдіс қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша қолданылады;

2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдісімен жүргізіледі.

Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген деп есептеледі.

4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.

Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация салық есептілігі болып табылады, оны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық төлеуші болып табылатын тұлға осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс еткен салық есептілігіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша салық есептілігі болып табылады, осы тұлға салық төлеуші болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс етеді.

7. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке:

1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салық кезеңiнде;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.

8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.

Ескерту. 276-22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...276-20 276-21 276-22 276-23 277 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 276-22-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы