Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
276-23-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі



Ст. 276-23 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілмейді.

1-1. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.

2-1. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.

3. Осы баптың мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:

1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;

2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);

3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);

4) жою актілері болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері салық органына осы Кодекстің 276-20-бабы 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде қағаз жеткізгіште табыс етіледі.

4. Қосылған құн салығын салуға мыналар жатпайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи зиян нормалары шегінде салық төлеуші тартқан тауарлар шығыны;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған тауарлардың бүлінуі.

Осы баптың мақсаттары үшін тауарлар шығыны деп тауарлардың жойылуы немесе жоғалуы болған оқиға түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

Ескерту. 276-23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  

9-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...276-21 276-22 276-23 277 277-1 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 276-23-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы