Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау



Ст. 276-7 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады. 

2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады. 

Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек. 

3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады. 

Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі. 

4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасы және (немесе) жасақталымы болмауы себепті қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шартқа (келісімшартқа) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық кезеңінде түзетіледі. 

Ескерту. 276-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...276-5 276-6 276-7 276-8 276-9 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 276-7-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы