Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 276 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Салық кодексi
276-бап. Преференциялар объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференциялар объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды есепке алуды өздері бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады. 

Преференциялар объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстар өзіне преференциялар қолданылған әрбір объект бөлінісінде есепке алынады. 

2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға енгізілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ: 

осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерімге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан); 

амортизациялық аударымдардан; 

бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және осы Кодекстің 242-бабының 5-тармағына сәйкес салық салу мақсаттарындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын басқа да шығындар жатады. 

3. Концессия шарты шеңберінде концеденттер концессионерге (құқық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) иеленуге немесе пайдалануға берген, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын активтердің бастапқы құны осы Кодекстің 268-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалады. 

4. Өздері бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға енгізілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында айқындалған тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады. 

5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады. 

6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең өткен соң осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында айқындалған тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады. 

5-параграф. Туынды қаржы құралдары

Статья 1 ...274 275 276 277 278 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 276-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ