Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 281 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Салық кодексi
281-бап. Базалық активті беру жолымен орындау кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шегілген) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан болатын түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсаттарында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады. 

6-параграф. Ұзақ мерзімді келісімшарттар

Статья 1 ...279 280 281 282 283 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 281-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ