Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
282-бап. Операция жасалған күн



Ст. 282 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.

2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.

4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.

6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.

Ескерту. 282-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...280 281 282 283 284 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 282-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы