Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
283-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі

Ст. 283 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегілген шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады. 

2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі ішінде осындай келісімшарт бойынша, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған кіріс ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасынан асып кеткен жағдайда: 

1) осындай асып кету болған салықтық кезеңде – ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған алдыңғы салықтық кезеңдерде жылдық жиынтық кіріске қосылған осындай келісімшарт бойынша кіріс сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі кіріс; 

2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған кейінгі салықтық кезеңдерде – нөлге тең сома ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
Статья 1 ...281 282 283 284 285 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 283-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ