Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 290 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
290-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы бапқа сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылар, сондай-ақ осындай кірістер бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады. 

Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады: 

1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі; 

2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету. 

Осы тармақшада көрсетілген кірістерге қоғамдық қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның: 

құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан алынған дивидендтер; 

құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер түріндегі кірістері де жатады. 

3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет; 

4) кiтапхананың қызмет көрсетуі. 

Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салынуға жатпайды. 

Қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның кірістері де мұндай кірістерді әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруға бағыттаған және оған қайтарымды пайызсыз қаржылық көмек (қарыз) көрсеткен кезде салық салынуға жатпайды. 

3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар да жатады, олар есепті салықтық кезеңде, сондай-ақ есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңде мынадай шарттардың біріне сай келуі: 

1) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың орташа саны жұмыскерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрауы; 

2) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айырылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрауы керек. 

Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шартқа сәйкес келуді: 

жаңадан құрылған (пайда болған) ұйымдар – әділет органында тіркеу жүзеге асырылған есепті салықтық кезеңде; 

ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ұйымдар осындай келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңі ішінде айқындайды. 

Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері, егер кірістердің 90 пайызы осындай ұйымның жұмыскерлері болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен өндіру жүзеге асырылған өндірілген (дайындалған) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға бағыттаудан алынған (алынуға жататын) болса, салық салынуға жатпайды. 

4. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарларды өндiру және өткiзу жөнiндегi қызметтен кірістер алатын ұйымдар жатпайды. 

5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған кезде, алынған кірістер осы Кодексте айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады. 

6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды. 

Ескерту. 290-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...288 289 290 291 292 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться