Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 294 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
294-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға: 

1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі болып табылғанда: 

бейрезидент-заңды тұлға; 

заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі – ұйымның өзге нысаны); 

өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе өзге де түрде құрылған бейрезидент-заңды тұлғаны және (немесе) ұйымның өзге нысанын қоспағанда, бұл ретте мұндай шет мемлекетте пайда салығының номиналды мөлшерлемесі осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрауы шарт. 

Осы тармақшаны қолдану мақсаттары үшін пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді; 

2) есепті кезеңнің 31 желтоқсанына осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келгенде: 

тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында – резидент) болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі; 

резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда); 

3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келгенде: 

осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын тиімді салық мөлшерлемесі 10 пайыздан аз болса; 

бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе немесе онда оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) тіркелсе немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы тіркелсе, ол бақыланатын шетелдік компания болып танылады. 

Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында "бақылау" ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.  

2. Мынадай шарттардың біріне сай келетін құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылады: 

1) ол жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген болуы; 

2) ол шет мемлекетте тіркелген және осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған пайда салығының тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан кем болуы керек. 

Бұл ретте, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының шарттарына бір мезгілде сай келетін тұлға құруға тиіс. 

Осы баптың 1-тармағында және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде айқындалған шарттар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін бақыланатын шетелдік компанияларға және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелеріне қолданылмайды: 

1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмесе; 

2) әрбір бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 495 еселенген мөлшерінен кем болса. 

Егер осы баптың 1-тармағында немесе осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде айқындалған шарттарға сәйкес келетін тұлғада тиісті кезеңнің қорытындылары бойынша бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте қаржылық залалы болса, онда мұндай тұлға бақыланатын шетелдік компания және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылмайды. 

Осы тараудың мақсаттары үшін кірістің жиынтық сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі. 

Егер кірістің жиынтық сомасы көрсетілген валюта өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның есепті салықтық кезеңде қолданыста болған ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесіне енгізілмеген болса, онда кірістің жиынтық сомасы резиденттік елдегі салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күні бақыланатын шетелдік компанияның резиденттік елінің орталық банкі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі айқындаған еуроға қатысты валютаның соңғы бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі. 

3. Мынадай: 

1) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта пайда салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшерде белгіленген; 

2) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иеленушісі немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иеленушілері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады деген шарттардың біріне жауап беретін шет мемлекет немесе шетелдік аумақ осы жеңілдікті салық салынатын мемлекет болып танылады. 

Салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шет мемлекетті және шетелдік аумақты қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері өзімен Қазақстан Республикасының құзыретті органдар арасында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ереже көзделетін халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекетке немесе шетелдік аумаққа қатысты қолданылмайды. 

Мынадай шарттардың бірі орындалған:  

1) уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасылуы халықаралық шартта көзделген мәліметтерді ұсынудан жазбаша бас тарту алған; 

2) уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін екі жылдан астам уақыт ішінде шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы талап етілетін мәліметтерді бермеген кезде, мемлекет немесе аумақ салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпеген немесе қамтамасыз етпейтін мемлекет немесе аумақ болып танылады. 

Осы тармаққа сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді. 

4. Осы Кодекстің осы тарауының және 32-тарауының мақсаттарында пайдаланылатын өзге де ұғымдар: 

1) аудиттелген қаржылық есептілік – аудитті орындауға құқығы бар тұлға жүргізген аудиттің нәтижесі болып табылатын қаржылық есептілік; 

1-1) бақыланатын тұлға – мынадай шарттардың біріне сай келетін тұлға: 

резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда); 

өзіне резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 пайыздан астамды құрайтын тұлға; 

резидентпен (резидент-жеке тұлғаға қатысы бойынша) жақын туысы ретінде байланысты тұлға; 

2) бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді салық мөлшерлемесі – бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің есепті кезең және есепті кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезең үшін осы тармақтың 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын орташа арифметикалық мәні. 

Егер тиісті кезеңнің (кезеңдердің) қорытындысы бойынша бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы нөлге тең болса немесе қаржылық залалы бар болса, тиімді мөлшерлеменің есеп-қисабында осындай кезеңдегі (кезеңдердегі) тиісті көрсеткіштер есепке алынбайды. Мұндай жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығының мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығының мөлшерлемесі өздерінде қаржылық пайда алынған қалған кезеңдер санының тиісті көрсеткіштері негізге алына отырып айқындалады.  

Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнанамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесін есептеу үшін салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда және пайда салығы көрсеткіштері мынадай тәртіппен қайта есептеледі: 

егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай сомаларды есепке алған жағдайда, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдадан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша танылған, еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) топішілік операциялардын болатын пайда (залал) сомасына азайтылған сомасы, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлес алып тасталады; 

егер бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған пайда салығының сомасы осындай сомаларды қамтыған жағдайда, пайда салығынан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша, кейінге қалдырылатын салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде танылған еншілес ұйымдардың пайда салығының сомасы алып тасталады; 

3) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау; 

3-1) бекітілген қаржылық есептілік – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған және бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны (немесе өзге құжатты) қамтитын құжат; 

4) есепті кезең – қаржылық пайда танылған қаржы кезеңі; 

5) жақын туыстар: 

жұбай (зайып); 

балалар, оның ішінде асырап алынған балалар; 

жұбайының (зайыбының), оның ішінде асырап алынған балалары; 

немерелер; 

жұбайының (зайыбының) немерелері; 

асырауындағылар; 

жұбайының (зайыбының) асырауындағылары; 

ата-аналар; 

жұбайының (зайыбының) ата-аналары; 

бірге туған, бірге тумаған аға-інілер, апа-қарындастар-сіңлілер; 

жұбайының (зайыбының) бірге туған, бірге тумаған аға-інілері, апа-қарындастары-сіңлілері; 

6) жанама бақылау – резидентте бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы бақылаудың болуы; 

7) жанама иелену (жанама қатысу) – резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы иеленуі; 

8) конструктивті бақылау – резидентте тікелей және жанама бақылаудың болуы немесе резидентте және жақын туыста (туыстарда) (екеуінде бірлесіп) тікелей және (немесе) жанама бақылаудың болуы; 

9) конструктивті иелену (конструктивті қатысу) – резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және жанама иеленуі немесе резиденттің және жақын туыстың (туыстардың) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және (немесе) жанама иеленуі (бірлесіп иеленуі); 

9-1) кірістердің жиынтық сомасы – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің есепті кезеңдегі бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінде көрсетілген, осындай бақыланатын шетелдік компанияның немесе осындай бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің барлық кірісінің сомасы. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін есепті кезеңдегі кірістердің жиынтық сомасынан осы Кодекстің 225-бабы 2-тармағының 2), 3), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілгенге ұқсас кірістер алып тасталады. Осы абзацты қолдану үшін резидентте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, сомалар бөлінісінде әрбір алып тасталған кіріс пен шығыс түрі туралы ақпаратты ашатын құжат (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып) немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, сомалар бөлінісінде әрбір алып тасталған кіріс түрі туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып) болуға тиіс; 

10) қатысу үлесі (қатысу) – жарғылық капиталға қатысу үлесі (қатысу), дауыс беретін акциялардың жарғылық (акционерлік) капиталдағы үлесі (қатысуы) немесе ұйымның өзге нысанына қатысу үлесі (қатысу); 

11) пайда салығы – шетелдік пайда салығы немесе үстеме пайда салығын немесе жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салық; 

11-1) пайда салығының номиналды мөлшерлемесі – бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны алған кірістерден алынатын пайда салығының немесе корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың тіркелген мөлшерлемесі. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер шет мемлекеттің салық заңнамасында салық салу мөлшерлемелерінің прогрессивті шәкілі белгіленсе, онда арнаулы салық режимдерін және осындай шет мемлекет көздеген басқа да жеңілдіктерді есепке алмағанда, пайда салығы немесе корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салық мөлшерлемесінің жоғарғы деңгейі пайда салығының номиналды мөлшерлемесі ретінде қабылданады. 

Егер шет мемлекеттің салық салу жүйесі ұлттық, федералдық, кантондық, жергілікті, өңірлік, муниципалдық, коммуналдық, провинциялық, штаттық, префектуралық және басқа да аумақтық пайда салықтарын қоса алғанда, бірнеше салық деңгейін көздейтін болса, онда пайда салығының номиналды мөлшерлемесі пайда салығының тиісті мөлшерлемелерінің сомасы ретінде есептеледі; 

11-2) пассив кірістер – мынадай кіріс түрлері пассив кірістер деп танылады: 

дивидендтер; 

сыйақы түріндегі кірістер; 

құн өсімінен түсетін кіріс; 

роялти түріндегі кіріс; 

егер мұндай қызмет бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі болып табылмаса, сақтандыру қызметінен түсетін кіріс; 

егер аталған қызмет түрлері бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі болып табылмаса, консультациялық, заңдық, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, маркетингтік қызметтер көрсетуден, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуден түсетін кіріс. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің негізгі қызметі деп алынатын кіріс осындай бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің бүкіл жылдық жиынтық кірісі сомасының 50 пайызынан астамын құрайтын қызмет танылады; 

11-3) пассив кірістер үлесі – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірістерінің жиынтық сомасына арақатынасы. 

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің пассив кірістерінің үлесі айқындалмайды; 

12) тиімді мөлшерлеме – мынадай: 

бекітілген қаржылық есептілік бойынша, кейінге қалдырылған салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде қарастырылатын есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген; 

есепті кезеңдегі төленген пайда салығы сомасының есепті кезеңде осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын пайда салығының мөлшерлемесі. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін пайда салығының сомасы пайда салығын, оның ішінде ұлттық, федералдық, кантондық, жергілікті, өңірлік, муниципалдық, коммуналдық, провинциялық, штаттық, префектуралық және басқа да аумақтық пайда салықтарын және егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінен ұсталған салық салынған кірісті қамтитын (қамтыған) болса, төлем көзінен ұсталған салықты қамтиды; 

13) тұлға: 

жеке тұлға; 

бейрезидент-заңды тұлға; 

ұйымның өзге нысаны; 

14) тікелей бақылау – егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай бақылау іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резидентте тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы бақылаудың болуы; 

15) тікелей иелену (тікелей қатысу) – егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай қатысу үлестері іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резиденттің қатысу үлестерін тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы иеленуі; 

16) шетелдік компания – осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны; 

17) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымы –резидент тікелей немесе жанама және (немесе) конструктивті түрде иеленетін және (немесе) бақылайтын жеке тұлғалардан өзге тұлғалар. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына басқа резидент арқылы жанама тиесілі болатын және (немесе) бақыланатын жеке тұлғалардан өзге тұлғалар кірмейді. Егер резидент басқа резидентке тікелей иелік ететін және (немесе) оны бақылайтын болса, онда осы басқа резидент шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кірмейді. 

Ескерту. 294-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...292 293 294 295 296 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться