Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
296-бап. Салық декларациясы



Ст. 296 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.

3. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.

Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  

40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ


Статья 1 ...294 295 296 297 298 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 296-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы