Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 299 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
299-бап. Залал ұғымы

1. Мыналар: 

1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескерілгенде, шегерiмдердiң жылдық жиынтық кірістен асып кетуі; 

2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегілетін залал кәсіпкерлiк қызметтен шегілетін залал болып танылады. 

2. Мыналар: 

1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы терiс айырма; 

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескергенде, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма; 

3) қатысу үлестері бойынша – қатысу үлесінің өткізу құны мен бастапқы құны арасындағы теріс айырма бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткiзуден шегілетiн залал болып табылады.  

3. Туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес айқындалатын шығыстардың түсімдерден асып кетуі ретінде айқындалады. 

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залалдар құқықтар орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылған күні, сондай-ақ өзі бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасалған күні танылады. 

Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып кету пайда болатын әрбір салықтық кезеңде танылады. 

Бұл ретте хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 300-бабының 12-тармағында айқындалған тәртіппен ауыстырылады. 

Хеджирлеу мақсаттарында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 280-бабына сәйкес есепке алынады. 

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, жер учаскелерін, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залал осындай активтердің өткiзілу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады. 

4-1. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залал деп осы Кодекстің 241-бабында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, осы бөлімде көзделген шегерімдердің жылдық жиынтық кірістен асып кетуі танылады. Залал әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша айқындалады.  

5. Осы баптың 2, 3, 4 және 4-1-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегілген залал болып табылмайды. 

Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...297 298 299 300 301 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться