Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 303 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
303-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерінен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген кіріс немесе пайда салығының немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады. 

Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама болып табылады. 

Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті. 

Шет мемлекетте төленген шетелдік табыс салығының сомаларын корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатқызу кезінде салық төлеуші салық органының камералдық бақылау жүргізу мақсатында талап етуі бойынша осы тармақта көрсетілген анықтаманы ұсынуға құқылы. 

2. Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған: 

осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған; 

осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетілуге жататын; 

шет мемлекетте осындай кірістерден шетелдік табыс салығының төлену және (немесе) ұсталу фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын кірістерінен есептелген шетелдік табыс салығына Қазақстан Республикасында шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде есепке жатқызу берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

3. Осы бапта көзделген, есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады. 

Бұл ретте, шетелдік табыс салығының есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың: 

1) резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерден шет мемлекетте іс жүзінде төленген шетелдік табыс салығы сомасының; 

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының;  

3) Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден корпоративтік немесе жеке табыс салығы сомасының ең азын білдіреді. 

Салық төлеуші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде көрсетілген кіріс алынуға жататын (алынған) салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді. 

Кіріс шет мемлекетте көрсетілген кіріс осы Кодекске сәйкес танылатын салықтық кезеңнен ерекшеленетін салықтық кезеңде танылған жағдайда, резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай кіріс есепке жазылған салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағының ережелеріне қолданылмайды. 

4. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатады: 

Се = П ×Ү × Мт/100%, мұнда: 

Се – табыс салығының есепке жатқызуға жататын сомасы; 

П – осы Кодекстің 223-бабына сәйкес резиденттің салық салу объектісіне қосылған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы; 

Ү – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті; 

Мт – табыс салығын, оның ішінде осы Кодекстің 297-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алмай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлеме. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген және (немесе) резидент бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде ағымдағы салықтық кезеңде пассив кірістердің үлесі бар формуланы пайдаланатын бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды. 

Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынған жағдайда, тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасын құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы бөліктің ережелері: 

1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иелену немесе жанама бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп шет мемлекетте (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау өзі (солар) арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) тіркелген) төленген кезде немесе 

2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей иелену немесе тікелей бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы: 

бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі; 

тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады. 

Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иеленген не резиденттің онда тікелей және жанама бақылауы болған жағдайда бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) әрбір тікелей және жанама иелену не ондағы тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иелену не ондағы тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жатады. 

Осы тармақты қолдану үшін резидентте мынадай құжаттар (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс: 

бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген жеке қаржылық есептілігінің көшірмесі; 

резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың атауын және олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топқа қатысушылар жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың қатысу үлестерінің мөлшері мен мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін (салықтық тіркеу болған кезде) көрсете отырып, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын осындай шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымын ашатын құжат; 

бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі; 

салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі; 

бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғаны туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғаны туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба. 

Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...301 302 303 304 305 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться