Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
305-бап. Аванстық төлемдердің сомасын есептеу

Ст. 305 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер осы бапта айқындалған тәртіппен: 

1) осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде: 

есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдер); 

есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді; 

2) мыналарды: 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы); 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді: 

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер; 

2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде; 

3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде; 

4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер; 

5) осы Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер; 

6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер; 

7) осы Кодекстің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды. 

3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдаудан (жалға беруден) және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері есепке алынбайды. 

4. Бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеген жағдайда, кейінгі екі салықтық кезең ішінде орындайды.  

5. Аванстық төлемдердің сомасы: 

1) декларацияға дейін, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы; 

2) декларацияға дейін: 

алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;  

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі;  

3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі;  

4) декларациядан кейін: 

егер осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған; 

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 3-тармағында көрсетілген; 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі. 

6. Аванстық төлемдердің есеп-қисабы: 

1) декларацияға дейін есепті салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады; 

2) декларациядан кейін есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады. 

7. Салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынуға құқылы.

Статья 1 ...303 304 305 306 307 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 305-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ