Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар



Ст. 307 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.  

2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртiбiн, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi. 

3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:  

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;  

а) қол қойылатын бонусты;  

б) коммерциялық табу бонусын;  

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;  

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;  

3) үстеме пайда салығын қамтиды.  

Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар. 

4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...305 306 307 308 308-1 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 307-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы