Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 311 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Салық кодексi
311-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агентi төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын төлем көзiнен салық салынатын кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi. 

2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентiнің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргiзедi.
Статья 1 ...309 310 311 312 313 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 311-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ