Ст. 316 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Салық кодексi
316-бап. Төлеушілер
1. Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады. 2. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 535 және 544-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
3. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
317-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
317-баптың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Добавить комментарий к 316-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ