Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 324 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Салық кодексi
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі

Мыналар, оның ішінде:  

1) жұмыскерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың баланстық құны арасындағы терiс айырма; 

2) жұмыскерге борыш сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша борыш сомасын немесе жұмыскердің оның алдындағы міндеттемесін есептен шығару; 

3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлер жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары; 

4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде – жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiмен байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің шығыстары жұмыскердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Статья 1 ...322 323 324 325 326 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 324-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ