Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 333 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
333-бап. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс

1. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті берген кезде туындайды: 

1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері; 

2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері; 

3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері; 

4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаты бар жер учаскелері және (немесе) жер үлестері; 

5) инвестициялық алтын; 

6) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, жылжымайтын мүлік; 

7) мемлекеттік тіркеуге жататын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдары және тіркемелер; 

8) бағалы қағаздар, қатысу үлестері, сондай-ақ туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда). 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке тұлғаның құн өсімінен түсетін кірісі болып табылады. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.  

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

5. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұрын осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс айқындалған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұрын кіріске енгізілген құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған, мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады. 

7. Мүлікті жария еткен адам "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен берілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

8. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады: 

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады; 

2) осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы неғұрлым кеш күндердің біріне: 

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге; 

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады; 

3) осы баптың 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүлік бағасы (құны) мөлшерінде. 

Тұрғын емес үйді (ғимаратты) беретін, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салған тұрғын емес үйдің (ғимараттың) мүлкі жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осындай мүліктің бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған тұрғын емес үй (ғимарат) жарғылық капиталға салым ретінде берілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлік жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады: 

1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен сатып алу құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады; 

2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүлік бағасы (құны). 

10. Сенім білдірілген өкіл иеліктен шығару құқығымен механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік кірісті айқындау үшін көлік құралының (тіркеменің) меншік иесіне көлік құралының (тіркеменің) өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген құнын және олардың өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген күнін хабарлайды немесе көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің салық міндеттемесін орындау болып табылады.

Статья 1 ...331 332 333 334 335 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться