Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері



Ст. 336 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді: 
Рет 
№ 

Жылдық өндіру көлемі 

Мөлшерлемелер, 
%-бен 







1. 

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда 



2. 

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда 



3. 

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 



4. 

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 



5. 

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 

10 

6. 

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 

11 

7. 

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 

12 

8. 

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 

13 

9. 

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда 

15 

10. 

10 000 000 тоннадан жоғары 

18 

 


Шикі мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 332-бабының 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

Абзац ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды.

Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды. 

Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.  

Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді: 
Рет  
N  

Жылдық өндіру көлемі  

Мөлшерлемелер,  
%-пен  

1  

2  

3  

1.  

1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда  

0,5  

2.  

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда  

1,0  

3.  

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары  

1,5  

 


Ескерту. 336-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды
шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы


Статья 1 ...334 335 336 337 338 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 336-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы