Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
347-1-бап. Төлеушілер



Ст. 347-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге;

3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме салығын төлеушілер болып табылмайды.

Ескерту. 347-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...346 347 347-1 348 348-1 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 347-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы