Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс



Ст. 348-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс пен осы Кодекстің 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменің таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.


Статья 1 ...347-1 348 348-1 348-2 348-3 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 348-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы