Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер



Ст. 348-4 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер: 

1) осы Кодекстің 100 – 108, 109 – 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың; 

2) мынадай шығыстар шегінде: 

тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңі ішінде нақты шеккен шығыстардың; 

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген қолданыстағы тіркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде үстеме пайда салығы мақсаты үшін шегерімге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегінде; 

тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі салық кезеңі ішінде шеккен шығыстарының; 

жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерімге жатқызылатын шығыстарының; 

3) осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретінде айқындалады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесі салық кезеңінде ішінара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады. 

Есепті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызуға жатпайды. 

3. Тиісті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде осы баптың 2-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті. 

4. Егер белгілі бір шығыстар осы баптың 1-тармағында белгіленген шығыстардың бірнеше түрінде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезінде аталған шығыстар бір рет қана шегеріледі. 

Ескерту. 348-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 208-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


Статья 1 ...348-2 348-3 348-4 348-5 349 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 348-4-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы