Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
36-бап. Салықтық міндеттемені орындау

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады. 

2. Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай әрекеттер жасайды: 

1) салық органында тіркеу есебіне тұрады; 

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді; 

3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелерді негізге ала отырып, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің Ерекше бөлігіне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;  

4) салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына ұсынады; 

5) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің Ерекше бөлігіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді. 

3. Салық төлеуші салықтық міндеттемені Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс. 

Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген жағдайларда, салықтық міндеттемені салық төлеуші-жеке тұлға жалпы сомасы салықтың есептелген сомасынан аз болмайтын бірнеше төлемдерді салықтық кезең ішінде енгізу жолымен орындауы мүмкін. 

4. Салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесі, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда орындалатын өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың сомасына төлем тапсырмасын екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым орындауға алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген сомаларды екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады. 

5. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді. 

6. Салық агенті орындайтын, салық төлеушінің салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып саналады. 

7. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттеме, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу жолымен орындалуы мүмкін. 

8. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттеме, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодексте, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться