Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 360 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
360-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі

1. Резидент-еңбекші көшіп келушілер салықтық кезең ішінде еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді. 

2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4 еселенген мөлшерінде есептеледі. 

3. Резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді. 

4. Салықтық кезең аяқталғаннан кейін резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығының сомасын есептеуді кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді. 

5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын) кірістердің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасына азайтылған сомасы ретінде айқындалады. 

6. Резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады. 

7. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайды. 

8. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салықтық кезең қорытындысы декларациясы бойынша жеке табыс салығын төлеуді резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

361-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...358 359 360 361 362 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться