Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
365-бап. Салық төлеушiлер



Ст. 365 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. 

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.  

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар: 

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері; 

2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша; 

3) мемлекеттік мекемелер; 

3-1) қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша – осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері; 

4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; 

5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;  

6) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 

7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларына қолданылмайды. 

4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады. 

6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады. 

7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады. 

8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады. 

Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды. 

Ескерту. 365-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...363 364 365 366 367 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 365-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы