Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 367 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Салық кодексi
367-бап. Төлеушілер

1. Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген мынадай тұлғалар:

дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;

мемлекеттiк мекемелердi және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасында қызметiн құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес жүргізіледі.

Ескерту. 367-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...365 366 367 368 369 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 367-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ