Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 372 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
372-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым

1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:  

1) мыналарды: 

тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді; 

кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сатуды;  

тауарды өтеусіз беруді; 

жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруін; 

кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне беруін қоса алғанда, тауарға меншік құқығын беруді; 

2) тауар экспортын; 

3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды тиеп-жөнелтуді; 

4) лизинг нысанасы берілген құн бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді; 

5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді; 

6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыруды; 

7) осы Кодекстің 394-бабында көрсетілген тауардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.  

2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:  

1) лизинг шарттарынан басқа, мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға беруді;  

2) лизинг шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі сыйақыны; 

3) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;  

4) жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге жұмыстарды орындауын, қызметтер көрсетуін;  

5) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын басқаға беруді;  

6) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісуді; 

7) кредит (қарыз, микрокредит) беруді; 

8) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкінің үшінші тұлғаға тауарды кейіннен сату шарттарымен не мұндай шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруын білдіреді. 

9) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.

10) 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

11) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді. 

3. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.  

4. Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:  

бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жасасқан келісімшарт болса; 

бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша жазып берген шот-фактура болса; 

бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса; 

бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады деп көзделген келісімшарт болса; 

бейрезидент-заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жұмыстарды орындады, қызметтерді көрсетті деп көрсетілсе; 

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін кірісті төлеу бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне жүзеге асырылса, осындай құрылымдық бөлімшенің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымын таниды. 

5. Мыналар өткізу бойынша айналым болып табылмайды:  

1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру; 

2) мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға тауарды: 

заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде – жарғылык капиталды азайту жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялар санына тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде;  

заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде – сатып алынатын қатысу үлесіне тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде; 

эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде – сатып алынатын акциялар санына тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде беру; 

3) егер тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, осындай тауарды жарнама мақсатында өтеусіз беру; 

4) тапсырыс берушінің мердігерге дайын өнімді соңғысының дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарларды тиеп-жөнелту өткізу бойынша айналым болып табылмайды;  

5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына енгізілмейтін және осы өнiмдi жеткізуге арналған шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмдерде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны осы Кодекстің 381-бабының 14-тармағына сәйкес өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;  

6) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын алушының (сатып алушының) тауарды қайтаруы; 

7) бұрын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінде әкелінген тауарды тиеп-жөнелту; 

8) егер мұндай әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптармен және мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарды көрмелер, басқа да мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкету; 

9) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан жасаған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылған және жер қойнауын пайдалануға арналған жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;  

10) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;  

11) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін, оның ішінде осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым танылған тауарларды оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беру;  

12) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін концессия объектісін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорға немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) беру;  

13) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін осындай жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым; 

14) сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі;  

15) сенімгерлік басқарудың туындау негізі қолданылуын тоқтатқан кезде сенімгерлік басқарушының мүлікті қайтаруы;  

16) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісті сенімгерлік басқару құрылтайшысына беруі; 

17) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша өзіне есепке жазылған және (немесе) төленген сыйақы сомасын алуы; 

18) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні пайдалануды тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып жүзеге асыруы; 

19) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып басқаруы; 

20) тауарлардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне (өткізілуіне) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету; 

21) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасуды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы; 

22) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы: 

23) жер қойнауын пайдаланушының салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі; 

24) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізуі; 

25) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін осындай пайдалы қазбаларды өткізу бойынша қызметтер көрсетуі; 

26) қаржыландырылуы өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет; 

27) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың тек қана трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;  

28) 01.01.2021 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

29) қайырымдылық, демеушілік көмекті, грантты алушының оларды ұсыну шарттарын орындауы; 

30) кірістер мен шығыстар арасындағы теріс айырма түрінде айқындалған залалдар және (немесе) шығыстар бойынша бюджеттік субсидия.  

Осы тармақшаның мақсаттары үшін кірістер мен шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады; 

31) энергия беруші ұйымдардың жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге электр энергиясын беру бойынша қызметтерді өтеусіз көрсетуі; 

32) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

33) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

34) 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

35) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.

36) 01.01.2018 бастап 01.01.21 дейін қолданыста болды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен;

37) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақшаның түсімі; 

38) 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

39) цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында цифрлық активтерді бөлуі; 

40) Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі. 

Ескерту. 372-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады); 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...370 371 372 373 374 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться