Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау



Ст. 374 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.  

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады.  

2. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін: 

1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері; 

2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады. 

3. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады. 

Ескерту. 374-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...372 373 374 375 376 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 374-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы