Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
376-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

Ст. 376 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Тасымалдаушының және (немесе) басқа да өнім берушілердің көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды. 

Экспедитор бейрезиденттен көлік экспедициясы шартында айқындалған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін сатып алған кезде олар экспедитордың бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
Статья 1 ...374 375 376 377 378 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 376-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ