Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 378 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
378-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:  

1) өнім берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) тауарлар бойынша – тасу басталған орын Қазақстан Республикасы болып табылса;  

2) қалған жағдайларда – тауар алушыға Қазақстан Республикасының аумағында берілсе, Қазақстан Республикасы тауарларды өткізу орны болып танылады.  

2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:  

1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкке тiкелей байланысты болса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.  

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе осындай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда нақты орналасқан жері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері болып танылады.  

Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес нұқсан келтірмей көшіру мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбыржолдар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшада жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады; 

2) жылжымалы мүлікке байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.  

Мұндай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;  

3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене шынықтыру немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жатса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады. 

Осы тармақшаның мақсаттарында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге, ойын мекемелерін, түнгі клубтарды, кафе-барларды, мейрамханаларды, интернет-кафелерді, компьютер, бильярд, боулинг клубтарды және кинотеатрларды қоса алғанда, ойын-сауық орындарында көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы көрсетілетін қызметтер жатады; 

4) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асырса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады. 

Осы тармақшаның мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып танылады.  

Егер бейрезидент жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы болып табылған, ал есептік тіркелуі тіркеуші органда жүргізілген оның құрылымдық бөлімшесі алушы болып табылған жайдайда, онда Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.  

Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады:  

зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын беру; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту бойынша;  

интернет-ресурстарға қол жеткізуді беру;  

консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратудан, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қол жеткізуді беруден басқа, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;  

персоналды беру;  

жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға) беру;  

агенттiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту бойынша көрсетілетін қызметтері;  

байланыс қызметтері;  

сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісу;  

радио көрсетілетін қызметтері және телевизиялық көрсетілетін қызметтер; 

жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер;  

5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші орындаса немесе көрсетсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін салық төлеушінің: 

осындай салық төлеуші тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай шарттардың бірі немесе бірнешеуі сақталған кезде: 

жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінсе;  

жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетілсе;  

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар тасымалданса, тауарлар (пошта, багаж) тасылса – жолаушылар мен багажды тасымалдау, тауарларды, оның ішінде поштаны тасу бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты; 

осындай салық төлеуші тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда – өзге жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін жұмыстарды, қызметтерді көрсететін салық төлеушінің болатын орны осындай жұмыстарды, қызметтерді көрсетудің іс жүзіндегі орны деп танылады. 

3. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа да негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осындай өткізу орны болып танылады.  

4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің жұмыстарын орындаған, қызметтерін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.  

5. Осы баптың 2-тармағы қолданылған кезде көрсетілген баптың біреуден артық тармақшасының ережелеріне сәйкес келетін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орны осы тармақшалардың реті бойынша біріншісіне сәйкес айқындалады. 

6. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 25-бөлімінде белгіленген жағдайларда қолданылмайды. 

Ескерту. 378-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...376 377 378 379 380 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться