Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 384 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
384-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету

1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің осындай талап бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін:  

1) мыналар: 

егер мұндай мерзім айқындалған болса, өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талапты орындау мерзімі; 

орындау мерзімі айқындалмаған, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні тура келетін салықтық кезіңнің басынан бастап үш жыл өткен соң;  

2) тіркеуші органның банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы шешiмi шығарылған салықтық кезеңде; 

3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар. 

Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 248-бабында көрсетілген шарттар сақталған кезде жүргiзiледi.  

2. Күмәнді талап бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін азайту қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болған мөлшерлемесі қолданыла отырып, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын айналымның мөлшері шегінде жүргізіледі.  

3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн төлемақы қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқықты пайдаланғаннан кейiн алынған жағдайда, салық салынатын айналымның мөлшерi қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болатын мөлшерлемесі қолданыла отырып, төлемақы алынған салықтық кезеңде көрсетілген төлемақының құнына ұлғайтуға жатады. 

Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...382 383 384 385 386 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться