Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық есептілігін табыс етудің ерекшелiктерi



Ст. 390 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.

4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 390-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

391-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...388 389 390 391 392 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 390-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы