Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
393-бап. Салық есептілігі



Ст. 393 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады. 

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. 

1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді. 

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады. 

2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.  

3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi. 

4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.  

5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі. 

Ескерту. 393-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз) Заңдарымен.

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ


Статья 1 ...391 392 393 394 395 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 393-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы