Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 395 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
395-бап. Халықаралық тасымалдарға байланысты айналымдар

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 387 және 448-баптарына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:  

тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу); 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарына ауыстыру;  

Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi экспедициялау; 

вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері;  

техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің көрсетілетін қызметтері, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қызметтер;  

халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері; 

пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері; 

тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер. 

Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында өзі кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері болып табылады: 

1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу; 

2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру; 

3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтықтан басқару арқылы диспетчерлік ету. 

Ескерту. 395-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...393 394 395 396 397 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться