Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 400 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
400-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Егер алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, солар үшін төлеуге жататын және мыналарда:  

1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда – қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп және өнім беруші салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып, мынадай құжаттардың бірінде: 

шот-фактураны жазып беру күніне қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактурада немесе жол жүру билетінде (қағаз жеткізгіште, электрондық билетте, электрондық жол жүру құжатында); 

әуе көлігінде жол жүру фактісін растайтын, осындай құжаттарды жазып беру күніне қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген құжатта; 

жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, есепті салықтық кезеңде алынған мерзімді баспасөз басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімінің құнына тура келетін бөлікте осы Кодекстің 414-бабында сәйкес жазып берілген шот-фактурада; 

мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығару кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады. Қосылған құн салығының сомасы мынадай формула бойынша, бірақ осы тауарларды мемлекеттік материалдық резервке беру кезінде төленген салық сомасынан аспайтындай болып айқындалады: 

ҚҚС = ҚШТ х МҚҚС / (100 % + МҚҚС), мұнда: 

ҚҚС – қосылған құн салығының сомасы; 

ҚШТ – қосылған құн салығы салынатын шығарылатын тауарлардың құны; 

МҚҚС – тауарлар шығарылған күнге қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесі;  

2) тауарлар импортталған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген тауарларға арналған декларацияда, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын салық сомасынан аспайтындай немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде), бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және қайтаруға жатпайтын салық сомасынан аспайтындай;  

3) бейрезидент берген және осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша декларацияда, бірақ төлем құжатында немесе салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша берген және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген салық сомасынан аспайтындай;  

4) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге меншік құқығында болатын тауарлар бойынша, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының біріне сәйкес осындай сома расталған жағдайда, осындай тұлға осы Кодекстің 215-бабының 4-тармағына сәйкес жасаған салықтық тіркелімде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады. 

Осы тармақшаның ережелері қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған заңды тұлға алған тауарларға қатысты қолданылмайды.  

2. Жеке тұлға олар бойынша шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің шығыстары деп танылған және осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар ретінде шегерімдерге жатқызылуға тиіс көрсетілетін қызметтерді алған жағдайда, қосылған құн салығын осындай төлеушінің осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарын сақтаған кезде аталған көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.  

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу үшін бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу неғұрлым ерте болатын негіз бойынша бір рет жүргізіледі.  

4. Осы Кодекстің 401-бабына сәйкес айқындалған дәл сол салықтық кезеңде осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген жағдайлар басталған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшері осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген алып тастау, ұлғайту немесе азайту ескеріле отырып айқындалады.  

5. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға байланысты осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы берілген салықтық кезеңде қосылған құн салығының асып кету сомасына азайтуға жатады. 

6. Осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады. 

7. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.

8. 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

9. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады. 

Ескерту. 400-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...398 399 400 401 402 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться