Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
406-бап. Салық базасы



Ст. 406 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осындай тiркелген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К функц х К айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қ б – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,

S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,

К физ - физикалық тозу коэффициенті,

К функц - функционалдық тозу коэффициенті,

К айм – аймаққа бөлу коэффициенті,

К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
  
Р/с №
  
Елді мекеннің санаты
  
Базалық құн, теңгемен
  
1
  
2
  
3
  

Қалалар
  
1
  
Алматы
  
60 000
  
2
  
Астана
  
60 000
  
3
  
Ақтау
  
36 000
  
4
  
Ақтөбе
  
36 000
  
5
  
Атырау
  
36 000
  
6
  
Қарағанды
  
36 000
  
7
  
Қызылорда
  
36 000
  
8
  
Көкшетау
  
36 000
  
9
  
Қостанай
  
36 000
  
10
  
Павлодар
  
36 000
  
11
  
Петропавл
  
36 000
  
12
  
Талдықорған
  
36 000
  
13
  
Тараз
  
36 000
  
14
  
Орал
  
36 000
  
15
  
Өскемен
  
36 000
  
16
  
Шымкент
  
36 000
  
17
  
Облыстық маңызы бар қалалар
  
12 000
  
18
  
Аудандық маңызы бар қалалар
  
6 000
  
19
  
Кенттер
  
4 200
  
20
  
Ауылдар
  
2 700
  
 


Бұл ретте, елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.

Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган мұндай тiркеу жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн тұрғынжайдың жаңадан салынған салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x K айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,

гараж бойынша - 15 пайыз,

S – тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,

К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,

К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,

К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.

4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

К физ = 1 - Т физ, мұнда:

Т физ – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.

Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда:

Т баз - салық есепке жазылған жыл,

Т п.б – салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
  
Р/с №
  
Күрделілік тобы
  
Үйдің сипаттамасы
  
Н аморт, %
  
Қызмет ету мерзімі
  
1
  
2
  
3
  
4
  
5
  
1.
  
1
  
Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар;
қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар;
  
0,7
  
143
  
2.
  
2
  
Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темірбетонды, бетонды немесе ағаш ғимараттар;
ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар
  
0,8
  
125
  
3.
  
3
  
Қабырғалары жеңілдетіліп кірпіштен қаланған, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар;
ірі блокты немесе жеңілдетіліп кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар
  
1,0
  
100
  
4.
  
4
  
Қабырғалары аралас, кесілген немесе бөрене ағаштан салынған ғимараттар
  
2,0
  
50
  
5.
  
5
  
Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан құйылған, кесектен соғылған ғимараттар
  
3,3
  
30
  
6.
  
6
  
Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар
  
6,6
  
15
  
 


Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.

5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі:

К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб – тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,

К бұр – тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент,

К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,

К жайл – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,

К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент.

Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
  
Р/с №
  
Қабат
  
К қабат
  
1
  
2
  
3
  
1.
  
Бірінші
  
0,95
  
2.
  
Аралық немесе жеке тұрғын үй
  
1,00
  
3.
  
Соңғы
  
0,9
  
 


Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
  
Р/с №
  
Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскесінде орналасуы
  
К бұр
  
1
  
2
  
3
  
1.
  
Бұрыштағы пәтер
  
0,95
  
2.
  
Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй
  
1,0
  
 


Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
  
Р/с

  
Қабырға материалы
  
Коэффициент
  
1
  
2
  
3
  
1.
  
Кірпіштен
  
1,1
  
2.
  
Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған
  
1,0
  
3.
  
Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған
  
1,05
  
4.
  
Темірбетонды панелден
  
1,0
  
5.
  
Темірбетонды панельдерден кiрпiшпен қапталған
  
1,05
  
6.
  
Кесек-балшықтан соғылған
  
0,5
  
7.
  
Кесектен соғылған, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған
  
0,6
  
8.
  
Монолитты шлакты-бетонды
  
0,7
  
9.
  
Темірбетонды блоктардан
  
1,0
  
10.
  
Жиналмалы-қалқанды
  
0,6
  
11.
  
Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған
  
0,75
  
12.
  
Кесiлген ағаштан
  
0,85
  
13.
  
Шпалдан
  
0,75
  
14.
  
Шпалдан, кiрпiшпен қапталған
  
0,95
  
15.
  
Қамыс-қаңқалы
  
0,6
  
16.
  
Өзгелері
  
1,0
  
 


Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
  
Р/с №
  
Жылыту түрі
  
К жылу
  
1
  
2
  
3
  
1.
  
Орталықтан жылыту
  
1,0
  
2.
  
Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту
  
0,98
  
3.
  
Қатты отынды пайдаланып, сумен жергiлiктi жылыту
  
0,95
  
4.
  
Пешпен жылыту
  
0,9
  
 


6. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.

Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:

ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.

8. Тұрғын үйдiң салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж тұрғынжайдың бiр бөлiгi болып табылған жағдайда, салық базасы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектiлерiнiң жиынтық құны ретiнде айқындалады.

9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.

10. Салық органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қб х S х 2, мұнда:

Қ – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қб – осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,

S – аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.

Ескерту. 406-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

407-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...404 405 406 407 408 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 406-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы