Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 410 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілердің есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау тәртібі

Ескерту. 410-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Тұрғын ғимаратының аяқталмаған құрылыс объектісі өткізілген жағдайда осы объектіні салу процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы бапқа сәйкес айқындалады және аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылатын салықтық кезеңде: 

1) осы Кодекстің 396-бабына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күніне қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде; 

2) бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бөлігіне тура келетін қосылған құн салығының мөлшерінде есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі: 

ҚҚС ақер = ҚҚСже х Sақб / Sақ, мұнда: 

ҚҚС ақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы; 

ҚҚСже – құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағына сәйкес өткізу күніне жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы; 

Sақб – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңы; 

Sақ – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.  

2. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған салықтық кезеңде, бірақ тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес осындай тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:  

ҚҚСер = (ҚҚСеж – ҚҚСақер) х Sтеү / Sтғ, мұнда: 

ҚҚСер – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы; 

ҚҚСеж – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, есепке жатқызылатын, жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған күнге айқындалады, бірақ тұрғын ғимаратты Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес;  

ҚҚСақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;  

Sтеү – тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың алаңы; 

Sтғ – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) жалпы алаңы. 

Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады және мынадай формула бойынша айқындалады: 

ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСақер – ҚҚСер, мұнда: 

ҚҚСере – тұрғын емес үй-жайы да бар тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. 

3. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығы осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан алынатын қосылған құн салығы сомасының 85 пайызы мөлшерінде айқындалады. 

Есепке жатқызылуға жатуына рұқсат етілмеген қосылған құн салығы осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағының мақсаттары үшін есепке алынбайды. 

Ескерту. 410-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...408 409 410 411 412 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться