Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 411 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

ҚР Салық кодексi
411-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы

1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы: 

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер; 

2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының немесе кәсіпшілік балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады: 

ет пен ет өнімдерін өндіру; 

жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу; 

өсімдіктер мен жануарлардың майларын және тоңмайларды өндіру; 

сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіру; 

ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру; 

жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру; 

нан өндіру; 

балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру; 

крахмал-cірне өнеркәсібінің өнімдерін өндіру; 

ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеу; 

тірі балықты қайта өңдеу;  

ашытқы өндіру; 

салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру; 

қант өндіру; 

3) мыналар:  

өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу; 

өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу; 

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері. 

4) өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – құрылған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелген кезден бастап екі жыл ішінде. 

Бұл ретте өндірілген өнім жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталуға тиіс. 

Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімге қолданылады. 

Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган тиісті уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімнің тізбесін 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей және кейіннен жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жариялайды. 

Осы тармақшаның ережелері өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін ғимараттарды, құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беретін заңды тұлғаларға қолданылады. 

Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.  

Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:  

осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды;  

осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы. 

Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады: 

ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал; 

ҚҚСер 2 = ҚҚСеж – ҚҚСер 1, мұнда: 

ҚҚСер 1 – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

ҚҚСеж – осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

А сс – осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы; 

А жал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы; 

ҚҚСер 2 – өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады. 

Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы. 

3. Егер тұлға шетелдік, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес. 

4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:  

ҚҚСеқ = (ҚҚСсс – ҚҚСер – ҚҚСак) х 70 %, мұнда: 

ҚҚСеқ – есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;  

ҚҚСсс – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;  

ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады; 

ҚҚСак – есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы. 

Алынған нөлдік немесе теріс мән салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды. 

Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

47-тарау. ШОТ-ФАКТУРА

Статья 1 ...409 410 411 412 413 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться