Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 412 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

ҚР Салық кодексi
412-бап. Жалпы ережелер

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті: 

1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер; 

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер; 

3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер; 

4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор; 

5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер. 

6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі; 

7) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер; 

8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар. 

Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады; 

9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеушілер; 

10) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға; 

11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші. 

12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талабы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін осы Кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының ережелерін сақтау мақсатында қолданатын салық төлеушілер. 

Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды. 

2. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:  

1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі. 

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады; 

2) техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында расталған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі. 

Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізуге жатады. 

2-1. Осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу кезінде шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып беріледі. 

Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді шектеудің күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады. 

3. Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі. 

3-1. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін уәкілетті орган бекітеді және ол оның интернет-ресурсында орналастырылады. 

4. Шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беру осы баптың 5 – 12-тармақтарында айқындалған тәртіппен, салық төлеуші дербес айқындайтын нысан бойынша жүргізіледі. 

5. Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс: 

1) шот-фактураның реттiк нөмiрi; 

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;  

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы; 

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін; 

4) шот-фактура жазып берiлген күн; 

5) осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер; 

6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда – егер мұндай өткізу осы Кодекстің 11-бөлімінің ережелеріне сәйкес акциз салынатын объект болып табылса, акциздің сомасы қосымша; 

7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы; 

8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi; 

9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі; 

10) қосылған құн салығының сомасы; 

11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны; 

12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды; 

13) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жағдайда – мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күні мен нөмірі. 

6. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі. 

Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 7) – 11) тармақшаларында көрсетілген деректерді қамтитын құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күнін көрсету, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс. 

7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. 

Мынадай: 

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша; 

2) осы Кодекстің 386, 447 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша; 

3) осы Кодекстің 387-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша; 

4) осы Кодекстің 393-бабының 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.  

8. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет еткен және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактуралар жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ, егер заңды тұлғаның атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, мыналарды: 

1) осы баптың 5-тармағының 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;  

2) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талапты орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің деректемелері көрсетілген жағдайда осындай құрылымдық бөлімшенің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.  

9. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген өзге де құжатта: 

1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын; 

2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – "ҚҚС-сыз" деген белгіні көрсетеді. 

10. Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада осы бапта көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.  

11. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазып беріледі, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі. 

12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура: 

заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен; 

дара кәсiпкерлер үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған жағдайда), сондай-ақ дара кәсiпкердiң қолтаңбасымен куәландырылады. 

Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген жұмыскердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс. 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттiк берілген адам куәландырған көшiрмесiн ұсыну талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi. 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураларды оның шешiмi бойынша осындай құрылымдық бөлiмшенiң заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен куәландыруға құқылы. 

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi осы Кодекстiң 200-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жазып берген шот-фактура уәкiлеттi өкiлдiң атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.  

Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзген жағдайда, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына "көзделмеген" деп көрсетiледi. 

Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. 

13. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда: 

1) есеп айырысулары: 

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы; 

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып; 

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген; 

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген; 

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған; 

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;  

5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген; 

6) осы Кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген; 

7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді. 

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері қолданылмайды. 

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактура жазып беру: 

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға; 

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде талап етілмейді. 

14. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. 

Осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны жазып беру талабымен осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.  

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында аталған салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осындай талапты орындауға міндетті. 

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны бойынша жүзеге асырылады. 

15. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 414 – 418-баптарында белгіленеді. 

Ескерту. 412-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...410 411 412 413 414 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться