Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 416 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. 

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізге алынып көрсетіледі. 

Комиссионер шот-фактураны: 

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады); 

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады). 

Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі. 

Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі. 

2. Комитент комиссионердің атына комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде, осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында: 

өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі; 

алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі. 

Комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі. 

3. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлға комитент үшін жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комитенттің атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. 

Комиссионер және (немесе) өзінен комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын адам қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. 

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріліп көрсетіледі. 

Комиссионер шот-фактураны: 

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады); 

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың (бұл жағдайда осындай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады); 

комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың; 

тауарлар импорты жағдайында – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген тауарларға арналған декларацияның деректерін немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштегі деректерді ескере отырып жазып береді. 

Комитентке жазып берілетін шот-фактурадағы комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы "ҚҚС-сыз" деген белгімен көрсетіледі. 

4. Комиссионер комитентке комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында: 

өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі; 

алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі. 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі. 

5. Көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Кодекстің 400-бабының талаптарына сәйкес жазып берілген шот-фактура комиссия шарты бойынша комитенттің немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуына негіз болып табылады. 

Ескерту. 416-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...414 415 416 417 418 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться