Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері



Ст. 426 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді: 

1) мыналарды: 

патент негізінде арнаулы салық режимін; 

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі; 

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі; 

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі. 

Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.  

Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бiрдей белгiленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат. 

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды: 

1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар; 

2) осы баптың 5-тармағында аталғандарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушілер ұсынатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) – бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсырады. 

4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі: 

1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау; 

2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау; 

3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі. 

5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.  

6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі. 

7. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 426-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.

61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ
САЛЫҚ РЕЖИМІ
§ 1. Жалпы ережелер


Статья 1 ...424 425 426 427 427-1 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 426-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы