Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
427-1-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды тану ерекшеліктері



Ст. 427-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Осы баптың ережелерін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде де айқындалады.

3. Тауарларды өткізуден түсетін табыс төменде аталған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:

1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;

2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;

3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;

4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсуі ықтимал болса;

5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, танылады.

4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.

5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:

1) кредит берушінің салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;

2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредит беруші талап етпеген міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;

2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредит беруші міндеттемені есептен шығарған;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі тапсырылған;

3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен;

4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есептілік кезеңде танылады.

6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстандағы қолданыстағы бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.

7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салық кезеңінде танылады.

8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетуіне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.

9. Салық кезеңі үшін алуға жататын (алынған) табыс есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.

10. Талап ету құқығын беруден түсетін табыс:

1) талап ету құқығын сатып алатын дара кәсіпкер үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс сатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;

2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.

11. Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережелерін ескере отырып, салық есебін жүргізеді.

12. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салық кезеңінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлік алынған салық кезеңінде танылады.

Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.

13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі табыс мұндай өтем алынған салық кезеңінде танылады.

Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің табысы мұндай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.

Ескерту. 61-тарау 427-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...426 427 427-1 428 429 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 427-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы