Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 429 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
429-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының салықтық кезең үшін есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептiк салықтық кезеңнiң соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi) қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады. 

Қосылған құн салығының асып кетуі импортталатын тауарлар бойынша және (немесе) бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеу есебіне жатқызылмайды. 

2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса: 

1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса; 

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, осы Кодекстің 431-бабында айқындалған тәртіппен өткізу бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қайтарылуға жатады. 

Осы тармақтың мақсаттарында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге, әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей кезекті үш салықтық кезең ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жатады. Бұл ретте көрсетілген әрбір салықтық кезеңдегі осындай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.  

3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бөлігінде қайтарылуға жатады.  

Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша декларацияда қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезең үшін есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасына тасымалдаудың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемінің үлес салмағын қолдану арқылы есептеледі.  

4. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары шегінде жүргізіледі.  

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығы бар қосылған құн салығын төлеушіде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі қайтарылуға жатады. 

Осы тармақта белгіленген қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеушінің осы Кодекстің 431 және (немесе) 434-баптарында белгіленген тәртіпті және мерзімдерді таңдауы бойынша қайтарылады. 

Осы Кодекстің 434-бабын таңдаған жағдайда салық төлеуші қосылған құн салығының асып кетуінің қалған бөлігіне осы Кодекстің 431-бабын қолдануға құқылы. 

6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері: 

осы Кодекстің 432-бабына сәйкес қайтару жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына; 

осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды. 

7. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындаған кезде:  

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар; 

салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ескерілмейді. 

8. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша: 

осы Кодекстің 424-бабының 4-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда салық органының шешімін шығару күніне; 

осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі есептен шығаруға жатады.  

Салық төлеушілердің жеке шоттарынан қосылған құн салығының асып кетуін есептен шығару уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.  

9. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 429-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...427 428 429 430 431 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться