Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 436 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
436-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару

1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдік) және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге (бұдан әрі – персонал) Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзаралық қағидатты растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі. 

Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органдары жүзеге асырады. 

2. Кейбір өкілдіктерге қатысты өзаралық қағидат негізге алынып, қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін. 

Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару, егер осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы қосылған құн салығын қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құрағанда немесе одан асып кеткенде жүргізіледі. 

Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыға қолданылмайды. 

4. Салық органдары қосылған құн салығын қайтаруды өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде жүзеге асырады. 

Өкілдік персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу құжаттарының көшірмелері қосымша ұсынылады. 

Есепті тоқсанда сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) өкілдіктер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, өкілдіктің мөрімен куәландырылады және оған басшысы не соған уәкілеттік берген өзге лауазымды адамы қол қояды. 

Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі. 

5. Өзаралық қағидат расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында аккредиттелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына ілеспе құжатпен бірге қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) береді. 

6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығының сомаларын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды. 

Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды. 

7. Өкілдіктер ұсынған құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жолмен бөліп көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге қарсы тексеру жүргізеді. 

Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі. 

Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылған қосымша жиынтық ведомостың (тізілімнің) негізінде жүргізіледі. 

Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанда қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынылған жиынтық ведомостың (тізілімнің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін. 

8. Өкілдіктер құжаттарды салық органдарына қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жібереді. 

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар бар болған кезде өкілдіктің мөрімен расталған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады. 

9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған тиісті шоттарына жүргізеді. 

50-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТА ТАУАРЛАРДЫ ЭКСПОРТТАУ МЕН ИМПОРТТАУ, ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Статья 1 ...434 435 436 437 438 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться