Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
439-бап. Жалпы ережелер



Ст. 439 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы: 

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі; 

2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі; 

3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп; 

4) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі. 

1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: 

1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін: 

1-аумақтық аймақ – 5 000 га; 

2-аумақтық аймақ – 3 500 га;  

3-аумақтық аймақ – 1 500 га;  

4-аумақтық аймақ – 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды. 

Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады: 

1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар; 

2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының жері;  

3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері; 

4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері. 

Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс. 

Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс; 

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана, сондай-ақ көрсетілген қызметте шаруа немесе фермер қожалықтары бұрын пайдаланған активтерін өткізуді жүзеге асырса; 

3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады. 

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетін тауарларды өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.  

3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі. 

Ескерту. 439-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...437 438 439 440 441 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 439-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы